• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Сәуір, 2019

Н. Нығматулин: Сайлау өткізу туралы шешім демократиялық кағидаттың көрсеткіші

1006 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин кезектен тыс өтетін президенттік сайлау туралы пікір білдірді.

«Бүгін қабылданған кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім ол - өз уақытында жасалған өте қажетті және өте маңызды қадам екені сөзсіз. Сонымен бірге, ол демократиялық қағидаттарға толықтай жауап бере отырып, шын мәнінде, ел мүддесін қорғауға бағытталған. Себебі, жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде сайланған, ел таңдаған Мемлекет басшысы халықтың сенім мандатына ие болады. Ал президенттік сайлау кезіндегі әрбір азаматтың жүрек қалауы -  ол Қазақстанымыздың саяси бағдарының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде, біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыра отырып, Тұңғыш Президентіміз салған сара жолды одан әрі жалғастыратын боламыз» деді Н.Нығматулин.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін республикалық телеарналардан Қазақстан халқына Үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.