Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтау үшін билік ауысымы үдерісін барынша тезірек аяқтау қажет. Сол кезде ғана ұзақ мерзімді міндеттер мен күн тәртібіндегі әлеуметтік маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру жоспарында айқындылық орын алады. Түрлі болжамдар сейіледі.
Өз Үндеуінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ішкі саяси маңызды үдерістер қазақстандық қоғам кемелдігінің айқын көрінісі болатындай тұрақты әрі салиқалы жүргізіліп келе жатқанын әділ атап өтті. Демократиялық үдерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен тыс президенттік сайлау өткізу туралы жариялады.
Алдағы сайлаудың жариялылығына кепілдік беру өте үлкен маңызға ие екенін айта кеткен жөн. Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, сайлау таза, ашық әрі әділ өтпек. Осылайша, еліміздің Орталық сайлау комиссиясы алдына барынша жариялылықты қамтамасыз ету және өзге де қажетті шараларды толықтай ескеріп, сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті қойылып отыр. Ержан САЛТЫБАЕВ,Әлемдік экономика және саясат институтының директоры