• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 10 Сәуір, 2019

Кәсіподақтар федерациясы қолдау көрсетуге үндеді

942 рет
көрсетілді

Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды.

Елордада Кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің кезектен тыс кеңейтілген мәжілісі өтті. Онда Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәселе талқыланды. Мәжілістің отырысына Кәсіподақтар федерациясының, салалық кәсіподақ бірлестіктерінің және ірі бастауы­ш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Қатысушылар Мемлекет басшысының еліміздегі барлық әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Республикасында халықаралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткізуге қолдау көрсету туралы мәлімдемесіне бірауыздан қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын қолдау туралы үндеуі

Қазақстан Республикасының Кәсіп­одақ­тар федерациясы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Прези­дентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайды.

Қазақстан Республикасының Конс­ти­ту­циясы – еліміздегі саяси үрдістің тиімді құралы ретінде мем­лекеттік билік тармақтарының бірлігі мен өзара үйлесімді байланысын, конституциялық заң­ды­лықтың нығаюын, адамның және азаматтың құ­қық­тары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін тетік.

Еліміздегі саяси жүйенің даму барысы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, өсіп-өркендеуінің және нығаюының заңды үрдісі болып табылады. Осы орайда елімізде өткізілетін президенттік сайлау – барша қазақстандықтардың азаматтық бостандығының ажырамас бөлігі, айқын дәлелі.

Біз Қазақстанның азаматтар мен қоғам­ның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеу­меттік дамуын және үйлесімді қоғамдық-сая­си бағдарын жалғастыра беретіндігіне сенім­діміз.

Сонымен қатар еңбеккерлердің құқығын қорғау, лайықты еңбек үшін тиімді шарттар қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік әріптестіктің тиімді ынтымақтастығы саласына қатысты көптеген көкейкесті мәселелерді шешудің маңызы зор екенін түсінеміз.

Бұл жауапты миссияны заң бойынша сай­ланған Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­­тінің басшылығымен тұрақтылық, айқын­дық және ашықтық жағдайында атқарған жөн. Біз еліміздегі барлық әлеуметтік жа­уапкер­шілігі жоғары, жасампаз күштерді Қазақстан Респуб­ликасында барлық халық­аралық нормалар мен стандарттарға сай әділ де ашық сайлау өткі­зуге қолдау көрсетуге шақырамыз.