• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2019

Еліміз сайлаудан мол үміт күтеді

967 рет
көрсетілді

Биыл еліміздің саяси өмірі өзгерістерге толы болды. Оның ішінде Елбасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімін көпшілік әділ деп бағалады.
Неге десеңіз, ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, бағы­тымызды айқындауда бұл өзге­рістің орны ерек. Мінеки, Мем­лекет басшысының президенттік сайлау өткізу туралы Үндеуі  де жарияланды. Біз болашағымызды айқын­дарда өткенімізге қарауды  ұмыт­паған  елміз. Тәуелсіздік бізге қандай жеңісімен  келді? Әлем ал­дындағы асқақ беделіміз бен  еңселі экономикамызды айтпа­ғанның өзінде, қазақ руханияты үшін  елеулі оқиғаларға толы болды. Оның ішінде, күллі адамзат, бүкіл дүние жүзінің өркениетті қауымы, барша ел  назар аударарлықтай әлемдік деңгейдегі,  парасаттың шырқау биігіндегі пайымдар ортаға са­лынды.  Нақты ғылыми дерек­терге сүйеніп, жаһандық тарих­тағы Ұлы дала елінің, қазақ ұлтының, Қазақстан Респуб­ликасының орны мен рөлі жан-жақты айқындалды. Бүкіл бай­тағымыздың рухани жаңғыру барысында алдағы уақытта нелерді және қалай жүзеге асыру керектігінің тағылымды тұжырымдамасы жасалды. Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру арқылы күллі түркі жұртының туын төрімізге тікті. Оның болашағы әл-Фараби мен Ахмет Ясауи бабаларымыз, батырлар  жыры, қызғалдақ пен  сиверс алмасына дейін  айрықша мән берілуі қаламгерлерге қанат бітіреді. Осындай жарқын  кезеңдерді бастан  кешіріп отырған еліміз  алдағы сайлаудан  мол үміт, келісті келешек күтеді. Ол үшін  ауызбірлік қағидасы ауадай қажет. Кемеңгер еліміз  өз президентін сайлауда бұл жолы да қателеспейді деп  ойлаймыз.

Мархабат БАЙҒҰТ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты