Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының 9 маусымында өтетіндігі бүкіл халыққа паш етілді. Президент сайлауын өткізу уақытының белгіленуі үлкен саяси қадам деп білеміз.
Біз, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, ұжымы Президенттің үндеуін кеңінен талқылай отырып, алдағы сайлаудың әділ де, ашық болатынына сенеміз! Президент сайлауының ел тағдыры мен болашағы үшін аса маңызды және оған қолдау көрсетеміз!
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз де қуатты ел болдық, әлем мойындаған тәуелсіз Қазақстанда өмір сүреміз. Мәңгілік елдің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істерге кітапханашылар өз үлестерін қосып еліміздің көркеюіне ықпал етеміз деп сендіремін.
Еліміздің келешегі жарқын да баянды болсын!
Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы