• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2019

А.Тасболатов: Стратегиялық маңызы бар жобалар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер билік ауысымына тікелей байланысты

1138 рет
көрсетілді

Бүгінде Қазақстан – әлемдік қауымдастықта абыройлы мемлекет. Жаһандық жетістіктер халқымыздың тұрмысымен біте қайнасып, елдің әлеуеті артып келеді. Жастардың білім алуы мен бақытты болашағы үшін мемлекетіміз барын салуда.

Отанның тыныштығы сақталып, берекелі елге айналды. Осындай бейбіт те, мамыражай халқымыз үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен бас тарту туралы қабылдаған тарихи шешімі көңілді алаңдатып, ойға салғандай болды. Соған қарамастан биліктің бейбіт жолмен ауысып, көпке үлгі бола алғаны қаншама жас буынның рухын оятты. Уақытша Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдау – елдегі саясаттың сәтті сабақтастығы іспетті болып отыр.

Сондай-ақ көп ұзамай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы қабылдаған шешімін өте орынды деп санаймын. Өйткені өтпелі кезеңде бір шешімге тоқталып, ішкі және сыртқы саясат үшін толық сенім арқалай алатындай өкілеттілікке ие Президент анықталғаны жөн. Президентке қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейін арттырып, халықтың өзін қауіпсіз еркін сезінуін қалыптастыруымыз керек. Еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт елдің амандығы қашанда күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала береді. Стратегиялық маңызы бар жобалар мен күн тәртібінде орналасқан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүзеге асыру да билік ауысымына тікелей байланысты.

Нақтылық пен тұрақтылық қоғамның басты сұранысы екені анық. Бұл ретте Қазақстан халқы өз таңдауын лайықты түрде жасайды деп сенемін.

Абай Тасболатов,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант