• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Сәуір, 2019

Экономикалық белсенділіктің оң динамикасы: I тоқсан қорытындысы бойынша ҚР ЖІӨ 3,8%-ға өсті

819 рет
көрсетілді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, онда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы нәтижелері қаралды. Осы мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенділіктің оң динамикасы сақталып отыр. Оған төмендегі сандар дәлел:

Жалпы ішкі өнім 3,8% өсті. Жылдық инфляция 4,8% дейін төмендеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 7% өсті. Өнеркәсіп өндірісі 3,2% өсті. Химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау 10% өсті. Автокөлік өндірісі 33% өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9% өсті. Көлік және қоймаландыру қызметінің көлемі 4,4% өсті. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 3,6% құрады. Осы жылдың 2 айындағы сыртқы сауда айналымы 7,5%-ға, оның ішінде экспорт — 11,1%-ға, импорт — 0,3%-ға өсті. Ішкі сауданың көлемі 7,2% өсті. Осы жылдың 2 айында екінші деңгейлі банктер берген жаңа несиелер көлемі 1,9 трлн теңгені құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл 11% көп. Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі 4,8% төмендеді. Биыл қаңтар-ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты көрінісінде 2018 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.