Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы өз жерімізде өтетін әлем чемпионатына (бірінші дивизион, А тобы) дайындық барысында екі елмен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды .
Бақылау матчтары әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындықтың соңғы кезеңі болып саналмақ.
25 сәуір күні сағат 19:00-де Қазақстан мен Беларусь құрамалары кездессе, келесі күні біздің команда Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.
Екі кездесу де «Барыс-Аренада» өтетінін естеріңізге саламыз. Кіру тегін.
2019 жылғы әлем чемпионаты (1 дивизион, А тобы) 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді.