• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2012

Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық

301 рет
көрсетілді

Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық

Сенбі, 5 мамыр 2012 7:29

Сот реформасын тереңдету Қа­­зақстан Республикасының мем­­­лекеттік саясатындағы басым мін­­деттер қатарына кіреді. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төраға­ла­ры­ның жетінші кеңесінде Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров айтты.

 

Сенбі, 5 мамыр 2012 7:29

Сот реформасын тереңдету Қа­­зақстан Республикасының мем­­­лекеттік саясатындағы басым мін­­деттер қатарына кіреді. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төраға­ла­ры­ның жетінші кеңесінде Қазақ­стан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров айтты.

Биылғы жылы кеңес Қытай Халық Республикасының астанасы – Бейжің қаласында қытай жа­ғының төрағалығымен өтті. Кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров, ҚХР Жоғарғы Халықтық сотының төр­ағасы Ван Шенцзюнь, Қыр­ғыз­­стан Жоғарғы соты төраға­сы­ның міндетін атқарушы Феруза Жамашева, Ресей Жоғарғы соты­ның төрағасы Вячеслав Лебедев, Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Нурсратулло Абдуллоев, Өзбекстан Жоғарғы сотының төрағасы Буритош Мустафаев, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Парвиз Додов қатысты.

Б.Бекназаров басқарған Қа­зақ­стан делегациясының құра­мында Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысы Бауыржан Жұмағұлов, Жоғарғы Сот судьясы Моряк Шегенов және Жамбыл облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов болды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы соттарының басшылары достық және сындарлы ахуал жағдайында көптеген мәселе­лер­ді қарастырып, ШЫҰ елдерінде сот реформасын тереңдету, қыл­мыстық іс жүргізудегі өкілдікті бөлісу және соттар мен бұқа­ра­лық ақпарат құралдары арасын­дағы өзара қарым-қатынас мәсе­лелерін талқылады.

«11 жыл ішінде әлемдік және өңірлік үдерістерде Шанхай ын­ты­мақтастық ұйымы да өзінің маңызды тарихи рөлін нығайта түсті. Өзара сенімді, ынтымақты, бірлікті, түрлі мәдениеттердің өзара түсіністігін және бірлесе отырып өркендеу үрдісіне ұмты­лысты паш еткен ШЫҰ барлық елдер мен халықтардың өзара тең құқықтық және ортақ пайдалы әріптестік алаңына айналды. Өз­і­нің қазіргі стратегиялық міндет­тері арқылы ШЫҰ, әсіресе, құ­қықтық ынтымақтастықты барынша дамытып келеді. Сондық­тан, ынтымақтастыққа мүше елдердің сот жүйелері, сөз жоқ, маңызды рөл атқарып отыр», – деді Б.Бекназаров.

Талқылауға арналған тақы­рыптардың өзектілігін ерекше айта келіп, Бектас Бекназаров сот реформасын тереңдету Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы маңызды міндет­тер қатарына жататындығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бастамасымен бас­талған сот құқықтық-реформа біздің елімізде 1994 жылдан бас­тап ойдағыдай жүргізіліп келе ­жатқанын айтты.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов өз баяндамасында қылмыстық іс жүргізу үдерісінің заңды кепілі ретінде соттық бақылау жайында айтты.

Отырыстың қорытындылары бойынша, Шанхай ынтымақтас­тық ұйымына қатысушы мемлекеттер Жоғарғы соттарының басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады.

«Егемен-ақпарат».