• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2019

Біржан Хасанғали: Келешек үшін маңызды

980 рет
көрсетілді

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірдегі Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы жария етті.
2019 жылдың 9 маусымында өткізілуі жоспарланған сайлау – егемен еліміз үшін саяси-экономикалық һәм рухани даму мен өркениетті елдердің көш басына шығу жолында жасалып жатқан тарихи мәні бар маңызды шешімдердің бірі. Президент сайлауын өткізу уақытының белгі­ленуі ұлтымыз үшін үлкен саяси қадам екені даусыз. Бұл сайлау арқылы елімізде дамудың жаңа сатысы басталмақ. Сондықтан да айтулы тарихи да маңызды оқиғаға Қазақстанның әрбір азаматы үлкен жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын. Осы тұрғыдан келгенде, П.И.Чайков­ский атындағы Алматы музы­калық колледжінің ұжымы Пре­зидент Қасым-Жомарт Т­оқаев­тың Үндеуін кеңінен талқы­­лай отырып, алдағы сай­лау­дың әділ де ашық өтетіндігіне зор сенім білдіреді.  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұл­тан Әбішұлының қажыр­лы еңбегінің арқасында тәуелсіз мемлекетіміз апыл-тапыл басқан қадамын нықтап, елдіктің биік тұғырына көтерілді. Әлем Қазақ­станды бейбітшілік сүй­гіш, қонақжай, достық пейіл­ді зайырлы мемлекет ретін­де таныды. Ендігі сайлау Елбасы­мыз­дың осы уақыт аралы­ғын­да қалыптастырып, қазы­ғын қағып кеткен Мәңгілік ел идея­сын сәтімен жалғап, саяси-эко­но­микалық, рухани-мәдени тұр­ғыдан жаңа сатыға көтере­тін­дігіне сенеміз. Бұл – біздің жолымыз! Біздің таңдауымыз!  Біржан ХАСАНҒАЛИ, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры