• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2019

Бүгін Дүниежүзілік Паркинсон ауруына қарсы күрес күні

1175 рет
көрсетілді

Сәуірдің 11-і ДДСҰ-ның бастамасымен жыл сайын Паркинсон ауруымен күрес күні деп аталып өтеді. Осы ретте «Ұлттық нейрохиругия орталығының» жоғары білікті неврологтары 10-11 күндері Паркинсон дертінің тырнағына ілінген және қимыл-қозғалыстарында кінәраты бар жандарға тегін консультация беріп жатыр.

Олардың қатарында Бақыткүл Тәукенқызы да бар. 2006 жылы алғашында  оң қолында байқалған діріл, бірте-бірте күшейіп, қимылы баяулай бастайды, ал арада өткен 4-5 жыл ішінде оған сол жағы да қосылып, дәрігерлер бақылауымен қанша Паркинсон ауруына қарсы препараттарды қолданғанымен оң нәтижеге қол жетпей, ақырында өздігінен жүріп-тұра алмайтын жағдайға душар болады.

2014 жылы пациентке орталықта миға терең стимуляция жасайтын операция өтуінің нәтижесінде міне, бесінші жыл Бақыткүл Тәукенқызы қасынан тастамайтын жанторсығындай қалта телефонының көлеміндегі құрылғыны қолданып, ондағы бағдарламаларды алмастырып пайдалану арқасында өз бетімен жүріп-тұратын жағдайға жетті. Бүгін Бақыткүл ханым Орталықтағы тегін консультацияға келіп, әрі құрылғының батареясын ауыстырып алмақшы.

Айта кеткен жөн, еліміз бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 20 мыңдай.