Алдымен Мемлекет басшысына Студенттерге қызмет ету орталығы таныстырылды.
Студенттерге қызмет ету орталығында барлық білім алушыларға қызмет көрсетіледі. Білім алушылар және келушілер толық ақпаратты бір терезеден алуға мүмкіндіктері бар. Анықтамаларға және транкриптке тапсырысты онлайн жүйе арқылы бере алады. Электронды кезек арқылы дайын тапсырыстарын ала алады. Орталықта шетел білім алушыларды тіркеуге алып оқу визаларын ашады. Сонымен қатар, студенттерге қызмет көрсету орталығында 13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Университет ректоры Берік Ахметов Мемлекет басшысына университеттің инфрақұрылымы жөнінде баяндап, университетте енгізіліп жатқан жаңа тың идеяларды таныстырды.
Баяндамадан соң Президент Теңіз академиясының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысының назарына Норвегиялық Kongsberg компаниясының кеме жүргізушілерді және кеме механиктерін оқытуға арналған жоғары технологиялық тренажерлары көрсетілді. Тренажерларды жұмыс кезінде студенттердің өздері таныстырған болатын.
Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта Yessenov University студенттері Каспий теңіз және өзен көлігі институтында тәжірибеден өтуде. Каспий теңіз және өзен көлігі институты-теңіз, өзен және аралас "өзен-теңіз" суларында жүзетін барлық үлгідегі кемелерде жұмыс істеуге құқығы бар су көлігі үшін орта және жоғары кәсіби білімі бар мамандар дайындайтын Каспий маңы макроөңіріндегі жалғыз салалық білім беру кешені. Студенттер ірі салалық кәсіпорындарда, сондай-ақ өзен және теңіз флотының кемелерінде практикалық дағдыларды алуға мүмкіндігі бар.
Маңғыстау облысы