• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2019

Үстел теннисінен «Astana» клубы Ресей чемпионатын 5-ші орынмен аяқтады

752 рет
көрсетілді

Қазанда үстел теннисінен 2018/2019 жылғы маусым аяқталып, 16 команда арасындағы Суперлига мәресіне жетті. Аталған сынға қатысқан ТТС «Astana» командасы біріншілікте бесінші орынға тұрақтады деп жазады Olympic.kz.

Соңғы жарыс күнінде қазақстандық команда бір ойында жеңіп, бір ойында жеңіліске ұшырады. Осылайша, жалпы есепте бесінші орын иеленді. 

«Ресей Суперлигасында шеберлік шыңдағанамыз біз үшін үлкен тәжірибе. Мұны федерация ұсынған сәтті жоба деп айтуға болады. ТТС «Astana» клубы кез келген қарсылас қалпақпен ұрып алатын осал команда емес. Біз барлық 15 клубқа да тойтарыс беріп, өзіміздің үздіктер қатарынан екенімізді дәлілдедік», - дейді Қазақстан командасының аға бапкері Дмитрий Переверзев.  

Қазандағы он ойынның тоғызында жеңіске жеткен Зәуреш Ақашева команда үздігі саналады. Ал Анастасия Лаврова жеті ойында өз мықтылығын көрсеткен.