Экспедиция «Сұңқар» тәлімбағы мен «Эфес Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан «Үлесіңді қос. Табиғатты аман сақтап қал» атты жобаның аралық қорытындысын шығаруды көздейді. Осы кезең ішінде «сұңқар» тәлімбағында 25 бүркіт балапаны өсіріліп, табиғат аясына жіберілді.
Орнитолог Сергей Шмыгалев, көмекші-жүргізуші Владимир Исаенко және екінші жүргізуші Игорь Свастин сынды «Сұңқар» тәлімбағы мамандарынан құралған команда арнайы керек-жарақтарымен және GPS-навигациямен жабдықталып, межеленген бағдар бойынша екі жол талғамайтын көлікпен сапарға аттанды.
Қазақстан аумағында мекендейтін бүркіттердің санын есепке алу соңғы мәрте 2012 жылы өткізілген екен. Сол кезде жүргізілген есептің нәтижесі мен орнитологтардың бірқатар бағалауынша, бүркіттердің популяциясы азайған, Үлкен және Кіші Бұғыты аймағында (Алматы облысы) бар-жоғы 4-5 жұп қана қалған.Бүркіттер 5-6 жылдан кейін көбейе бастайды. Біз 2013 жылдан бері табиғат аясына жіберілген бүркіттердің мекеніне барып қайтамыз. Бұл Алматы облысы, Жоңғар
Алатауының сілемдері – Арқарлы және Малайсары тау қырқасы, Іле Алатауы – Үлкен және Кіші Бұғыты, Торайғыр, Сөгеті, Шарынның жоғарғы жағы», – дейді топ жетекшісі Сергей Шмыгалев.
«Сұңқар» орталығының мамандары қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жоспарлы жол бағдарын дайындады. Топ құстарды есепке алып, фото-және бейне түсірілімдерді жасауға арналған бүкіл қажетті техникамен жабдықталған. АЛМАТЫ