- Шынында, ауыз толтырып айтатын үлкен сапалы кино дүниеге келді. Тек қазақ халқы үшін ғана емес, басқа тілде сөйлейтін көрермендер үшін қызықты болатындай жасалды. Түпнұсқасы қазақ тілінде. Сонымен қатар, Санк-Петергбургке барып, орысша нұсқасын да жасап шықтық. Яғни, қазақ тілін білмейтін, бірақ Қазақстан тарихын білем деген көрерменге ыңғайлы. Ең бастысы, қазақ тілінде толық дубляж бірінші рет жасалып отыр, - деді ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдіраш.
Сондай-ақ, алдағы уақытта ағылшын тілінде де дубляж жасау жоспарлануда екен.
Жақсы сұхбат барысында жастар Рүстем Әбдіраштың режиссерлігімен түсірілген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін тамашалады.
Қызылорда облысы