• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2019

ҚР ІІМ ТЖ комитетінде елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өтті

968 рет
көрсетілді

2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде «Елдегі ағымдағы су тасқыны жағдайы мен ТЖ-ның алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте республика аумағында тұрғын үйлерді, аула аумақтарын су басу, республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы су жүру тіркелген жоқ.

Ақмола облысы бойынша.

Астрахан ауданында Колутон өзеніндегі су деңгейі 3,77 м-ден 3,62 м-ге дейін төмендеді (сыни 3,48 м). Старый Колутон ауылында  су астында қалған 8 аула маңынан су кетті (715 адам, 240 үй). Тұрғын үйлер кіреберістерінде қаптан жасалған барьерлер салынған.

Облыстық ТЖД мен Аппаттар медицинасы орталығынан 6 адам, 2 бірлік техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Целиноград ауданында сорғы станциясына су алуды жүзеге асыратын Нұра өзенінің төгілуінің салдарынан 14 ұңғыманы (жаңа, пайдалануға қабылданбаған) су басу бақылауда (Қосшы ауылындағы «Қосшықкоммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрады) (су деңгейі 1 метрге жуық).

Қаражар ауылында Нұра өзенінен салынып жатқан 15 тұрғын емес үйлерді (барлығы 5000 адам, 650 үй) су басу қаупі сақталуда. Тұрғын үйлерді қорғау үшін ұзындығы 1 500 метр және биіктігі 1-1,5 м үйінді вал бар, Қосымша ұзындығы 465 м және биіктігі 1-1,5 м үйінді вал тұрғызылады, 800 қап төселді.

Жергілікті атқарушы органдарының ТЖД күштері мен құралдарынан: 57 адам, 11 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

Атбасар ауданында Атбасар қ. Жабай өзеніндегі су деңгейі 2,85 м-ден 2,30 м-ге дейін төмендеді (сыни - 3,45 м). Өзен арнасының бойында мониторинг жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Бесқарағай ауданының Бесқарағай ауылында  3 жеке тұрғын үй  және 29 аула аумағы су астында қалып отыр. 467 мың текше метр су сорып шығарылды. Жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ департаменттерінің және полицияның күштері мен құралдарынан 18 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап (15 наурыз – 12 сәуір аралығында) республика бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) ТЖД, жергілікті полиция қызметінен, жергілікті атқарушы органдардан, тартылған ұйымдардан 754 адам, 215 бірлік техника, 37 мотопомпа және 14 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сонымен қатар республика бойынша (Ақмола, Қарағанды облыстары, СҚО, ШҚО) қауіпті учаскелерде қосымша 9 мыңнан астам метр уақытша бөгеттер салынды, 65 мың дана инертті материалы бар қаптар жиналып, салынды, 1,6 млн.м3 тарта су сорылды.