ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,6% артты (2018 жылғы қаңтарда-ақпанда – 3,7%). Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,6% артты (2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1,3%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 1% төмендеді (2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1,8% артты).