Кеше, кешкілік «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара наряды бақылаудың барлық түрін өтіп болып, енді Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстады.
Жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген азаматшаны жеке алып шығып тексерген кезде оның қойны-қоншынан 15 дана ұялы телефон табылды. Заңсыз тауар актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.