• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
15 Сәуір, 2019

Алда жауапты кезең күтіп тұр

861 рет
көрсетілді

Тәуелсіздікке қол жеткізген 27 жыл ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында еліміз экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқындап дамып, білім мен мәдениет саласы да зор табыстарға жеткен бірегей тұрақты мемлекет болып қалыптасты.
Өнеріміздің өрісін кеңге жайып, еліміздің төңірегі ғана емес, мұхит асып ұлттық музыкамызды көрсетуге тамаша мүмкіндік туды. Әлем жұртшылығы қазақ елін табиғи ресурсы бай мемлекет қана емес, мәдениеті мен тарихы да тағылымды ұлт ретінде танып, өнерімізге таңдай қаға қол соғысты. Мұның барлығы әлем елдері мен Қазақстанның арасындағы мызғымас берік достық қарым-қатынасты орната білген аса қадірменді Елба­сымыздың ұлт келешегі үшін жұмсаған қажыр-қайрат, есепсіз төккен маңдайтері – ең­бегінің жемісі деп білеміз. Наурыз айында Нұрсұлтан Әбішұлының Президент лауа­зымынан өз еркімен бас тар­тып, өкілеттігін тоқтату жөнін­­де шешім қабылдауы – мемле­кеті­міз үшін алда үлкен сын мен жауапкершілікке толы кезең­нің күтіп тұрғанын мәлім еткен болатын. Ол – жаңа Мемлекет басшысын сайлау. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан халқына үндеуінде Президент сайлауын мезгілінен бұрын өткізу туралы шешімін қолдаймыз. Еліміздің ертеңіне үлкен жауап­кершілікпен қарап, келе­шегін алыстан болжай білетін кемел азамат Қасым-Жомарт Кемел­­ұлының бұл шешімі Отаны­­мыздағы тұрақты­лықты сақтап қалу үшін және бейбіт­шілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім деп ойлаймын. Нұрғиса ДӘУЕШОВ,  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры