• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2019

Көне ескерткіштер сөйлейді

2345 рет
көрсетілді

Ежелгі Далба жеріндегі сонау палеолит заманының бес оба петроглифтері, энеолит ғасырларындағы мыс қорытқан пештердің қирандылары, мық қорымдары, ғұн қорғандары, біздің заманымыздың V, VI ғасырларына жататын балбал тастар көне тарихтың көмескіленген соқпағындай тізіліп тұр. Әрісі дәуірлерге айналып, берісі біздің заманымыздың ғасырларынан қалған көне ескерткіштер кім-кімді болсын тамсандырары анық.
Бізге ертедегі маңызды оқи­ғалар мен құнды деректер атадан балаға ауызша жеткізіліп келгені мәлім. Қыз тамы, Нияз қожа қорымы, Қаз дауысты Қазыбек бидің сөре тасы, Едіге бидің – билік тасы т.б... осындай киелі орындардың тарихы соның айғағындай. Батыр, билер, абыз, әулиелер жайлы нақты дерек­тер соны аңғартады. Далба өңірін­­­дегі ерекше көзге түсетін ны­сандардың бірі Қыз тамы. Ел аузындағы аңыз әңгімеде Қыз тамы шамамен XVIII ғасырдың орта кезінде тұрғызылған. Көшіп бара жатқан бір байдың бойжетіп қалған қызы кенеттен қайтыс болып, осы жерде жерленген деседі. Тамның биіктігі – 6,2 метр, ішкі диаметрі – 3,3 метр. Қабырғасының қалындығы – 0,48 метр. Құрылыс материалдарына қыш кірпіштер қолданылған. Кірпіштің құрамына жылқының қылы қосылып, биенің сүтімен иленгені айтылады. Оның көлемі төмендегідей: ұзын­дығы – 0,27 м., ені – 0,21., қалың­дығы – 0,05м. Екінші кірпіштің ұзындығы – 0,37м., ені – 0,20м., қалыңдығы – 0,20м. Тамның есігі күнбатысқа қаратылған. Биік­­тігі – 1,2 м., ені – 0,8 метр. Қыз тамының пішіні дөңгелек, архи­тектуралық көрінісі ерекше сипаттағы ескерткіш. Осындай кесенелердің қалыптасуы көне кезеңдерден бас­тау алады. Іші­не табиғи тастан құлпытас қо­йылған. Тастағы қашалған арғын таңбасы мүжіліп әбден тозығы жеткендіктен әрең көрінеді. Қазақ-қалмақ толассыз ұрыстарының бірінде Абылай хан Қалдан Серенге елшілікке бір топ адамдарын жіберіпті. Сонда Қалдан Серен Қарабас ханымға: – Қазақтан елшілікке келгендердің ішінде бі­тім жасасуға тұрарлық адамда­ры бар ма екен, болса маған алып кел. Егер бітім жа­сасуға тұр­май­тын кісілер болса еліне қайтарып жі­бер. Жөні түзу сөз білерлік бі­­ре­уін жіберсін!  деген соң Қа­ра­бас ханым келген елшілердің іші­нен төрт кісіні таңдап алып келіп: – Мынау Қазыбек – ұйықта­ғанда екі қолын екі жаққа, екі ая­ғын екі жаққа жіберіп жатады екен. Дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұл екен. Қара бақайы­на дейін тұнған құт екен. Өлгенде арулаған жерін басқан ел бай болар! Мынау Тәйгелтір – тілінің ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қарасанынан келеді екен. Айыр көмей, темір жақтың өзі екен! Балта керей Тұрсынбай – құ­лағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шо­лақ екен, ерлігінен де міні жоқ, еңбекшілігінен де міні жоқ. Жал­­ғыз айыбы жауы желкесінде екен, одан басқа қорқатыны жоқ екен! Шақшақ Жәнібек – екі аяқ­­­ты бір бастының сырттаны екен. Өзінің оққағары бар екен. Күндердің күнінде ың­ғыр­­­ша­­ғын­ды отқа жағып, бақай­ша­ғың­ның майын шағатұ­ғын осы болар! – деп, Қаз дауысты Қазы­бекті, Айдабол Тәйгелтір биді, Балта керей Тұрсынбай батырды, Шақшақ Жәнібек батырды Қалдан Серенге таныстырған екен. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандардың тұсында мемлекет басқару ісіне белсене орналасқан ірі тұлға. Абылай ханды жоңғарлардан тұтқыннан босатқан Қаз дауыс­ты Қазыбек би өмірінің соңғы жылдарын қазіргі Жаңатілек елді мекеніне қарасты Сеңкібай деген жерде өткізген. Ақ жауып арулап, аманат айтып қойған жері осы жер. Мұхамет-Қайыр Шәріпов Павлодар облысы, Баянауыл ауданы