• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

616 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. А.Күрішбаев Президентті ведомство­ның 2009 жылғы жұмыс қорытындылары мен “Жаңа онжылдық – жаңа экономи­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын алдағы кезеңдегі міндеттер туралы хабардар етті. Министрлік алдында озық технология мен қарқынды өндірісті қолдануға бағытталған ауыл шаруашылығына субсидия бөлу және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру міндеті тұр. Әңгімелесу кезінде сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде “ҚазАгро” арқылы қаржыландыру жайы талқыланды. – Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өң­деуші өнеркәсіпті жүйелі дамыту, аграр­лық ғылымды одан әрі реформалау жө­нін­де нақты міндеттер қойды, – деді жур­налистерге арналған брифингте А.Күріш­баев.