• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Сәуір, 2019

Ә.Смайылов: Мемлекеттік бюджетке 2,9 трлн теңге түсім жиналды

963 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов «2019 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы» баяндады.

«Биыл қаржы жылының бірінші тоқсанында бюджеттің барлық деңгейлерінде кірістер жоспардан асыра орындалып, оң өсу қарқынан көрсетті. Шығыстардың атқарылуы 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 2,9 трлн теңге түсімдер жиналды. 3 трлн теңгеге шығыстар  атқарылды. Мемлекттік бюджеттің тапшылығы 94 млрд теңгені құрады. Бұл жоспардан 162 млрдтеңгеге аз. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында 285 млрд теңге қаражат қалыптасты», деді Ә.Смайылов.

Бұдан соң, ол бюджет параметрлерінің орындалуы туралы баяндады.

«Мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 105,6%-ке, республикалық – 102,1%-ке, жергілікті бюджеттер – 116,6%-ке асыра орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің  өсу қарқыны - 115%, РБ – 120,6% және ЖБ - 102% құрады» деді министр.

Оның айтуынша, республикалық бюджетке 1 567 млрд теңге кіріс түскен. Бұл жоспардан 33 млрд теңгеге, ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  268 млрд теңгеге артық.

«Жоспардың асыра орындалуы салықтар есебінен – 20 млрд теңге, салықтан тыс төлемдер бойынша – 10 млрд теңге қалыптасты. Есепті кезеңде бюджетке 1 532 млрд теңге салықтар жиналды. Бұл жоспарға қарағанда 101,3%-ке артық», деді ол.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда салықтар 264 млрд теңгеге көп түскен. Бұл жағдайға негізінен қосылған құн салығы, корпоративтік табыс және халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар ықпал жасады.

«Салықтар жоспарының артығымен орындалуына макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы және теңгеге шаққанда доллар бағамының өзгеруі өз әсерін тигізді. Жергілікті бюджетердің өз кірістері 81 млрд теңгеге  артығымен орындалып, 571 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 88%-і салықтарға келеді. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды», деді  Ә.Смайылов.