• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Бақыт Сұлтанов: Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру – біздің басты міндетіміз

1482 рет
көрсетілді

«Балаға қауіпсіз қала» білім беру басқармасының кеңесінде мектептегі, көшедегі және әлеуметтік желілердегі балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов: «2020 жылға қарай біз барлық әлеуметтік нысандарды қауіпсіздік жүйелерімен қамтуды жоспарлап отырмыз» «Балаға қауіпсіз қала» білім басқармасының алқа отырысында мектепте, үйде, көшеде және әлеуметтік желілерде балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды,  деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. №68 мектепте қала әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен кеңес өтті. 

«Біз қаланы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын қабылдадық. Оның негізгі бағыттарының бірі – қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірінші кезекте қаланың әлеуметтік нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек», – деді Бақыт Сұлтанов. 

Әкімнің айтуынша балаларды оқу орындарына қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету қала билігінің ерекше бақылауында. 

«Адамдар таңертең балабақшаға, мектепке балаларын апарған кезде жолдарда қиындықтар туындап жатады. Осының салдарынан балалардың, мұғалімдердің және ата-аналардың сол күні заяға кетеді деп айтуға болады. Сол себепті біз барлық мектептерді қауіпсіз автотұрақтармен, нысанға кіретін жолдармен қамтамасыз ету мақсатында, оларды аралап шықтық»,  – деді Б. Сұлтанов. 

Қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысушыларға кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы айтып берді. 

«Біз білім беру процесін мүмкіндігінше қызықты етіп ұйымдастырып, балалар бос уақытында іспен айналысуын қалаймыз. Атап айтқанда, оқушыларды жобалық жұмыстарға қатыстырамыз. Осындай жұмыстың нәтижесінде бос уақытты дұрыс ұйымдастыру жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайтатындығын көріп отырмыз», – деді Әнуар Жанғозин. 

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, 2019 жылдың басынан елордада мектеп пен колледж оқушылары жасайтын құқықбұзушылықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% төмендеген. 

«Мектептер мен колледждердің жалпы контингентінің биыл 17%-ға өскенін ескеру керек. Бұны үлкен жетістік деп айтуға болады», – деді Ә. Жангозин. 

Алқа отырысында инклюзивтік білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Бүгін елордалық балалардың 80% арнайы біліммен қамтылған. Олардың барлығы кепілдендірілген көмек алады. Жаңа оқу жылында елорданың білім басқармасы бұл көрсеткішті 100% жеткізуді жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, бұл – 8 мыңға жуық бала. 

Тәрбие жұмысына да аса мән берілді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының қалалық және ата-аналар қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері қаралды. Ата-аналардың мониторинг тобы, адалдық дүкендері, салауатты өмір салтына қатысты іс-шараларды өткізу және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. 

«Балаға қауіпсіз қала» білім басқармасының алқа жиналысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссар Сәуле Айтпаева, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар мен қалалық қауымдастықтардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары және мектеп оқушылары қатысты.