• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Сәуір, 2019

Қостанай облысында табылған малдың иесіне айыппұл салынды

966 рет
көрсетілді

Амангелді ауданындағы шаруа қожалығының жетекшісі полицияға 18 бас жылқысын таппай жүргені туралы бірнеше рет арыз түсірген.

Полицейлер тауып әкеп бергеннен кейін де шаруа малын тағы да өрісте қараусыз қалдырған. Ықтияттылық танытпаған соң, малын тағы да таппай қалған.

Полицейлер шаруаның жылқыларын Құмкешу ауылынан 18 шақырым алыстап кетіп қалған жерінен тауып әкелген соң, малын қараусыз қалдырғаны және ҚР Ветеринария туралы заңнамаларын сақтамағаны үшін оған «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңының 406 - бабы, 1- бөлімінің 2- тармағына сәйкес 20 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.

Сонымен қатар полицейлер тұрғындарға малын түстеп белгілеп, оған ен салуға, ұзын аяқты малға GPS жүйесін салдыруға кеңес береді. Өйткені жоғалған малды іздеу полицейлерге қаржы жағынан да, уақыт жағынан да үлкен күшке түседі. Олар осы текке кеткен уақытты басқа да қылмыстарды ашуға жұмсар еді.

Облыста өткен жылы және 2019 жылды алғашқы үш айында малды өрісте қараусыз қалдырудың 91 фактісі тіркелген, оның жартысында ғана мал табылған.

Қостанай