• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

100-ДЕН АСҚАН 6 ӘЖЕ

986 рет
көрсетілді

Тараз қаласында бүгінде жасы ғасырдан асқан 6 әже бар. Оның ішінде Күлшат Атамқұлова – 108, Айгүл Маханова – 106, Шырынкүл Оразымбетова – 105, Келеке Ес­пер­диева – 105, Бейсекүл Жарыл­қа­пова – 105 және Алтынкүл Татаева 102 жасқа жетіп отыр. Елі аман, жұрты тыныш, ұл-қыздары­нан шөбере-шөпшек сүйіп отырған әжелер елдегі қой үстіне бозторғай жұ­мыртқалаған тыныш заман осы­лай­ша жалғаса берсе екен деп тілейді. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев 8 наурыз – Ха­лықаралық әйелдер мерекесі қар­са­ңында Тараз қаласы, Көшек батыр көшесінде тұратын 102 жастағы Ал­тынкүл Татаева әженің шаңы­ра­ғы­на арнайы барып, әз ананың хал-жағдайын сұрап, емен-жарқын әң­гі­ме шертті. “Ұлық болсаң кішік бол”, деген осы. Ғасыр жасаған кейуана да алдына келіп, аман­ды­ғын білген әкімге рахметін айтып, ақ батасын беріп, облыс басшы­сының қолынан алған сыйлыққа балаша мәз болып қалды. Облыс өмірінде алғаш рет қолға алынып отырған осы жақсы дәстүр бойынша жүзден асқан А.Татаева­дан басқа әжелердің отбастарына об­лыс әкімінің орынбасарлары К.Кө­кірекбаев, Б.Иманәлиев, М.Тө­лепберген арнайы барып, ба­ғалы сыйлық­тар­мен құттықтап шықты. Аналар мен қыз-келін­шек­терге деген облыс әкімдігінің құрметі мұ­нымен шектелген жоқ. Елбасы Н.На­зарбаевтың Жар­лығымен алтын және күміс медальдарға ие болған көп ба­лалы аналардың да мерейін өсі­ріп, өздеріне тиесілі ме­даль­дарын салтанатты жағдайда табыс етті. Облыстағы Социа­лис­тік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ар­дагерлері, жесір­лері мен мүге­дек­тері де назардан тыс қалған жоқ. Жамбыл облысы. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.