Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:36
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалығымен қылмыстық заңнаманы жаңғыртуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау, Бас прокуратура әзірлеген Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциясы шеңберінде мемлекеттің қылмыстық саясатын жетілдіру мәселелеріне байланысты Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, құқықтанушы-ғалымдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.
Мәжілісте тергеу мерзімі мен нысанын, тергеуге дейінгі тексеру институтын оңайлату, тұлғаларды ұстау және қамауға алу институттарына деген жаңа көзқарасты енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарастыру, қылмыстан жәбір шеккендерге зардабын өтеу қорын құру сияқты қылмыстық үрдіс тиімділігін жетілдіруге бағытталған мәселелер қаралды. Жазасын мойындау туралы мәміле жасасу, тергеу соты институттарын және қылмыстық теріс қылық жөнінде құқыққа қарсы әрекеттер санатын енгізу сияқты новеллалар белсенді талқыланды.
Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмге, мемлекет қауіпсіздігі мен конституциялық құрылым негіздеріне қарсы қылмыстармен күрестегі қылмыстық-құқықтық мәселелер, экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар үшін жауаптылық жөнінде пікір алмасу өтті.
Мәжілісте аталып өтілгендей, ұсынылып отырған жаңалықтар сотқа дейінгі өндіріс уақытын қысқартуға, тергеу органдарының жұмысын жеңілдетіп, ыңғайландыруға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың конституциялық құқықтарын барынша қорғауға ықпалын тигізбек.
Жиналыс қорытындысы бойынша қылмыстылықпен күресудегі мәселелерді шешу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау тиімділігін күшейтуге бағытталған шешім қабылданды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.