Қазақстандық қоғам мен мемлекет дамуының негізгі бағыттары президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасына енгізіледі. Сондықтан президенттік позицияға нақты үміткер үшін электораттың басым бөлігінің түпкілікті дауыс беруі Қазақстанның дамуындағы негізгі болашақ бағыттарының жобасын мақұлдауы болып саналады. Сайлаушылардың дауыстарымен расталған олар тұтастай мемлекеттің және оның нақты құрылымдарының саяси күші болады. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыруы тиіс.
Қазақстанда еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше тұлғасы арқасында президенттік биліктің күшті институты құрылды. Ел ішінде және шет мемлекеттерде үлкен беделге ие Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан қазақ халқының өз саясатына деген қолдауын алу үшін сайлауға түсіп отырды.
Елбасының жоғары үлгісінен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылы сәуір айында лауазымының мерзімі аяқталуын күтпестен кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы мәлімдемесі еліміздегі биліктің бірден-бір қайнар көзі ретінде халыққа деген жоғары құрметті білдіреді. Бүгін біз мемлекеттілігіміздің белгілі бір сынақ кезеңіне жеткенін көріп отырмыз. Қазақстанда алғаш рет биліктің транзиті өтуде, оны заңды, лайықты, тыныштықпен жүзеге асыруға тиіспіз. Еліміздегі әлеуметтік тұрақтылықтың бұзылуына ешқандай да себеп болмауы керек.Бүгінде әлемдік экономика мен геосаясатта сын-қатерлер аз емес. Сондықтан халық кез келген ықтимал қауіп-қатерлерге алаңдаушылық білдірмей қоймайды.
Тәуелсіздік жылдары ата-бабаларымыз армандаған көптеген мәселелер орындалды. Біз өз мемлекетімізді, экономикамызды дамыттық, тұтастай алғанда Қазақстан аумағында жаңа өмірді қалыптастырдық. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінің ішінде бір адамға шаққанда жалпы көлемдегі шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Орталық Азияда көшбасшы болды. Біздің елімізге дүниежүзілік беделге ие ірі компаниялар қызығушылық білдірді. Осы орайда біз үшін шетелдік бизнес пен инвесторлар елімізде сенімділік жағдайында жұмыс істей беруі маңызды.
Қазақстанға тек шетелдік инвесторлар мен бизнес қана емес, бүкіл әлемдік қоғамдастық Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретінде, халықаралық қатынастарды үйлестірудің белсенді жақтаушысы ретінде қарайды. Сондықтан мемлекетаралық қатынастардың конфигурациясында Қазақстанның ұлттық сенімнің берік мандатын алған Президентпен танылуы өте маңызды.
Президенттік сайлауды өткізу туралы Жарлыққа қол қою арқылы Президент Қ.Тоқаев алға нақты қадам жасады. Бұл бастаманы барша қазақстандықтар қолдауы қажет. Мемлекет басшысы Конституцияның кепілі ретінде сөйлеп, халықты осы жылдың 9 маусымындағы президенттік сайлауда белсенді қатысуға шақырды.
Зарема ШӘУКЕНОВА,
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры