• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2012

Қарулы қарақшылардың көзі жойылды

341 рет
көрсетілді

Қарулы қарақшылардың көзі жойылды

Сенбі, 4 тамыз 2012 7:40

Миллионнан астам тұрғыны бар шаһардың тыныштығын күні-түні қорғайтын тәртіп сақшыларының өздерінің кәсіби міндетіне деген жоғары жауапкершілігі қаншама ауыр қылмыстың жолын кесті десеңізші?!

 

Сенбі, 4 тамыз 2012 7:40

Миллионнан астам тұрғыны бар шаһардың тыныштығын күні-түні қорғайтын тәртіп сақшыларының өздерінің кәсіби міндетіне деген жоғары жауапкершілігі қаншама ауыр қылмыстың жолын кесті десеңізші?!

Алматы қаласының Түрксіб ау­да­нында қоғамдық тәртіпті қорғау­ды қамтамасыз ету қызме­тіне кіріскен «Боран-170» пат­руль­дік экипажына өткен сенбіде таңғы тоғызда қарулы шабуыл жасалды. Бекмаханов көшесінде жол шетінде тұрған күдікті «Хюндай» көлігіндегілердің құ­жат­тарын тексермек болғанда, олар полицейлерге тұтқиылдан оқ жаудырған. Басына тиген оқтан аға лейтенант Ержан Қайрақбаев бірден көз жұмып, оның әріптесі лейтенант Ерназ Қожахметов ауыр халде ауру­ханаға жеткізілгенімен, оны құт­қару мүмкін болмады.Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция майоры Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл оқиғаға қатысы бар қарулы қылмыскерлерді құрық­тау мақсатында тәжірибелі қыз­мет­керлерден шұғыл түрде жедел-тергеу тобы құрылған. Сөй­тіп «Құрықтау» арнаулы жоспары бойынша алты қылмыскер «Ахселкент» шағын ауданындағы көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде жасырынғандығы анық­талды. Ауыр және аса ауыр қыл­мыстары үшін бірнеше жылын темір торда өткізгендер бостан­дыққа шыққан бойда бастары қай­­тадан қосылып, «ескі әдет­терін» қайта жалғастырған.Оңтүстік астанадағы бірнеше ірі кәсіпорындарға қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топтың мүшелерін құрықтау Алматы қалалық ішкі істер департа­мен­тінің бастығы Ерлан Тұрғұм­баев­тың жетекшілігімен өтті. Арнаулы операцияға ІІМ-нің «Сұң­қар» және «Арлан» топтары мен жедел әрекет ету отряды қыз­мет­керлері қатысты. Қарақшылық ша­буыл­мен айналысқан қыл­мыс­тық топты тұтқындау іс-шарасы басталмас бұрын бұл үйлердің 162 тұрғыны қауіпсіз жерге орналастырылды. Содан соң қылмыс­керлерден өз еріктерімен беріліп, қаруларын тастау талап етілді. Алайда, бұл ұсынысқа мойын бұр­­май, қарсылық көрсеткен қарақ­шыларға қару қолданылып, алты қылмыскердің көзі жойылды. Ал жалға алынған бір бөл­мелі пәтерді тінту барысында екі «Калашников» автоматы, бір аң­шы мылтығы, екі тапанша, бір ре­вольвер, оқ дәрілер табылды, дейді Салтанат Әзірбек.Республикадағы түзеу меке­ме­­лерінің бірінде қарақшылық шабуыл, ұрлық, есірткі өткізу және басқа да ауыр қылмыстары үшін жазасын өтеген қыл­мыс­тық топ мүшелерінің Шығыс Қазақ­с­тан, Жамбыл және Алматы облыс­тарының тұрғындары екен­дігі анықталды. «Ахселкент» тұрғын үй кешеніндегі үйдің төртінші қабатында орна­ласқан бір бөлмелі пәтердегі қылмыс­кер­лерді құрықтауға екі сағатқа жуық уақыт кетті. Арнаулы операция барысында полиция қыз­мет­керлері мен бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер бол­ған жоқ. Қазіргі кезде осы қыл­мыс бойынша тергеу жүргізілуде. Сөз реті келгенде айта кететін тағы бір жәйт, қалада тіркелетін қылмыстың жартысынан астамын жақын шетелдерден, рес­публиканың өзге аймақтарынан келгендер мен заңсыз мигранттар жасауда. Статистикалық мәлімет­терге қарағанда, Алматыға тәулі­гіне сырттан екі жүз мыңдай ав­то­көлік қатынайды екен. Өкініш­ке орай, олардың көпшілігі тір­келмейді.Тамыз айының алғашқы күні қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен өткен жиында бұл мәселеге баса назар аударылды. Әкімнің пікірінше, құқық қорғау органдары оңтүстік астанаға келе­тіндерге қатысты жұмысты одан әрі жетілдіруі тиіс. Аны­ғырақ айт­қанда, жол полициясы басқармасы қалаға енетін көлікке бақылауды күшейткені жөн. Сонымен қатар, мұндай маңызды іс-шарада құқық қорғау органдарына көмек көрсету жөніндегі қо­ғам­дық кеңес құру қарасты­рыл­мақ.Мәселен, қанды қол қарақшы­лардың көзі жойылған шағын ауданда отызға жуық пәтердің жал­ға берілгені анықталды. Алайда, ондағы тұрғындар туралы мәлі­мет жоқ. Соған орай, қала басшысы аудан әкімдеріне ІІД мен ПИК-термен бірлесіп, жалға бе­рі­летін пәтерлердің қоры бойынша ақпаратты жүйелендіруді тапсырды.Бақыт БАЛҒАРИНА,«Егемен Қазақстан».Алматы.