• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2012

Таразы

385 рет
көрсетілді

Таразы

Жұма, 10 тамыз 2012 18:48

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Президент Жарлығын орындау талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта республика бо­йынша бірқатар тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді. Соның бірі де бірегейі ретінде айтарымыз, Президент жанын­дағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясынан өткен құқық қорғау органдары қызметкер­лері енді біртіндеп Орталық аттестаттау комиссиясындағы сынақтан өтуде.

Жұма, 10 тамыз 2012 18:48

«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Президент Жарлығын орындау талапқа сай жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта республика бо­йынша бірқатар тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді. Соның бірі де бірегейі ретінде айтарымыз, Президент жанын­дағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясынан өткен құқық қорғау органдары қызметкер­лері енді біртіндеп Орталық аттестаттау комиссиясындағы сынақтан өтуде.

Мәселен, ағымдағы жылғы 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы полициясының 68 қызметкері, олардың қата­рын­да Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төраға­сы­ның орынбасарлары, Агенттік аппаратының жетекшісі, орта­лық аппарат департаменттері­нің бастықтары, облыстар, Ас­тана және Алматы қалалары­ның қаржы полициясы депар­таменттерінің бастық­та­ры мен олардың орынбасарлары, Қар­жы полициясы академиясының бастығы ел Президенті жанын­дағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясында сынақтан өтті.Аттестаттаудан өтушілер Қазақстан Республикасы заңна­ма­сын білу және логикалық ойлау қабілетін көрсететін тесті­лерді, дене шынықтыру және атыс дайындығы норматив­те­рін тапсырды, сондай-ақ психологпен сұхбаттасты. Премьер-Министрдің төрағалығымен өт­кен Жоғарғы аттестаттау комис­сиясының қызмет­кер­лері­мен болған әңгімелесу нәти­жесінде 3 қызметкер жоғары лауазымға тағайын­дауға ұсынылуға жатса, 45 қыз­меткер лауазымдарына толық сәйкес келетін болды, ал 8 қызметкер лауазымдарына сәй­кес келмейді және төмен лауазымға тағайындалуға ұсы­ныл­ды. Бұлардың 2-і қаржы полициясының аумақтық де­пар­­таменттерінің бастық­тары, 6-ы – департамент бастық­тарының орынбасарлары. Сонымен қатар, 1 қызметкер лауазымына сәйкес келмейді деп табылып, басқа қызметке ауыс­тыруға ұсынылды, 11 қыз­мет­кер қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығарылуға жатқызылды, олардың 2-і – ау­мақтық департамент бастық­та­ры, 9-ы – департамент бастық­тарының орынбасарлары.Жоғарғы аттестаттау комиссиясы қорытындыларды шы­ғар­­ған кезде тестілеу мен психо­лог­пен болған сұхбаттың нәтижелерін, қызметкерлердің дене шынықтыру және атыс дайындығымен қатар, олардың жедел-қызметтік жұмысының нәтижелерін де ескерді. Осылайша, жоғарғы аттестаттау комиссиясында 68 қаржы полиция қызметкерінің 29 пайызы сынақтан өте алмады.Аттестаттауды өткізудің бас­ты міндеті – қаржы полициясы органдарының құрамын қоғам­ның талаптарына сай өзінің қызметтік міндеттерін тиімді атқара алатын қыз­мет­кер­лермен қалыптастыру. Осы­ған сәйкес, кезектен тыс аттестаттау басталмастан бұрын-ақ тап­сырылған жұмысты тиісті дең­гейде ұйымдастыра алмаған­дары үшін 37 басшы лауазым­да­рынан босатылған еді. Олардың қатарында: Агенттік төрағасының 2 орынбасары; орталық аппарат департа­мент­терінің 6 бастығы; аумақтық департаменттердің 9 бастығы; аумақтық департаменттер бас­тықтарының 20 орынбасары болды.Талапқа сәйкес келмеуіне бай­ланысты қызметінен боса­тыл­ған аталған 37 қызметкерді және аттестаттаудан өте алма­ғандарды қоса санағанда, қар­жы полициясы органдарынан басшылық лауазымдағы 57 адам жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар, Жоғарғы аттес­таттау комиссиясының қатаң талаптарын ескеріп, 9 қыз­меткер кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартып, өздері жұмыстан шығуға өтініш жазды.Осылайша, ағымдағы жыл­дың басынан қаржы полициясы органдарының басшылық құра­мы 85 пайызға жаңар­тылды. Енді күні кеше ғана кезектен тыс аттестаттаудың екінші кезеңі де аяқталды. Орталық аппараттың және тағайын­да­луы агенттіктің номенклатурасына кіретін аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы акаде­мия­сының қызметкерлері агенттік жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясында сынақ тапсырды. Мұнда аттестаттауды 533 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 19 қызметкер орталық аттестаттау комис­сия­сының жоғары талаптарын ескере келе, лауазымдарынан босату туралы баянат жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, 2-і орталық әскери-меди­ци­налық комиссияға қаралуға жіберілді, 4 қызметкер уақыт­ша еңбек қабілетсіздігіне байланысты аттестаттаудан өтпеді.Нәтижесінде Орталық ат­тес­таттау комиссиясынан 508 қызметкер өтті, олардың 283-і Агенттік қызметкерлері, 225-і аумақтық департаменттер мен Қаржы полициясы акаде­мия­сының қызметкерлері. Олар­дың бәрі ел заңнамасын білу, ойлау қабілеттігін анықтауға бағытталған тестілеуді және әскери дайындық норма­тивтерін тапсырып, психолог мамандарымен сұхбаттасты. Сөйтіп, 52 қызметкер өз қызметтеріне сәйкес келеді және кадрлық резервке енгізу немесе жоғары лауазымдарға тағайындалуға болады деп табылды, 393 қызметкер атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді деп танылды. Ал 38-і атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмейтін болған­дықтан, төмен лауазымдарға тағайындалуға ұсынылды. 16 адам лауазымдарына сәйкес емес деп табылып, 9 қызметкер қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығарылатын болды.Сонымен, 508 қызметкердің 63-і немесе 12,4 пайызы аттес­таттаудан өте алмады, олардың 38-і – аумақтық департаменттер мен Қаржы полициясы академиясының басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары. Кезектен тыс аттестаттау нәти­жесінде аумақтық қаржы полициясы органдарының басшы­лық құрамының орта буыны 27 пайызға жаңартылды. Өйткені, аттестаттауды өткізудің басты мақсаты, жоғарыда айтқаны­мыз­дай, қаржы полициясы органдарының кадрлық құра­мын қоғамның талаптарына сай өзінің қызметтік мін­дет­терін тиімді атқара алатын қызметкерлермен толықтыру болып табылатындығы белгілі.Кезектен тыс аттес­тат­тау­дың келесі кезеңі, яғни аумақтық қаржы полициясы органдары және Қаржы полициясы академиясының жанын­дағы аумақтық аттестаттау комиссияларындағы сынақтар осы тамыз айында өтеді. Оған аумақтық қаржы полициясы органдары мен Қаржы поли­ция­сы академиясының 2450 қызметкері қатысады. Қазір Премьер-Министр және Агент­тік төрағасымен келісілген барлық 17 аумақтық аттестаттау комиссияларының құрам­да­ры бекітілді. Олардың жұмы­сына аумақтық департаменттер және Қаржы полициясы акаде­миясының бастықтары жетек­шілік етеді. Ашықтық пен шы­найылықты қамтамасыз ету мақсатында аттестаттау комиссиялары жұмысына қоғамдық және бұқаралық ақпарат құ­рал­дары­ның өкілдері тартылуда.

Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».