• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Сәуір, 2019

Хоккейден әлем чемпионатына билеттерді онлайн режимде және «Барыс Арена» кассасынан сатып алуға болады

900 рет
көрсетілді

Билетті сатып алу үшін жанкүйер өзі тамашалайтын ойынды, содан кейін секторды және орынды таңдайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«ҚХЛ матчтарына билеттерді сату нүктелерінде алуға болады (Барыс Арена кассасын қоса есептегенде). Билеттердің бағасы ҚХЛ маусымындағы «Барыс» матчтарының әдеттегі бағасынан аспайды», – деді 2019 жылғы Дүниежүзілік кубок ұйымдастыру комитетінің өкілі, Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтың билет құны 700 теңгені құрайды, басқа командалардың қатысуымен өткізілетін матчтардың құны – 400 теңге. 7 жасқа толмаған балалар тегін кіреді, бірақ оларға орын ұсынылмайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға 2019wmia@icehockey.kz поштасы арқылы алдын ала келісім бойынша кіру тегін.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырына дейін Нұр-Сұлтанда Хоккейден әлем чемпионаты өтеді (І дивизион, А тобы). Белоруссия, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея, Литва және Қазақстан құрамалары әлемдік хоккей элитасында ойнау құқына таласады. Қазақстан ерлер арасындағы хоккейден әлем чемпионатын алғаш рет қабылдауда.