• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2019

Кәсіпкер «Күміс алқалы» анаға Текелі қаласынан үй сыйлады

1258 рет
көрсетілді

Жетісудың жомарт жүректі кәсіпкерлері көпбалалы отбасыларды қолдауға жаппай кіріскенін бұған дейін де жазған болатынбыз. Әсіресе, баспана мұқтаждығын көріп жүрген әулеттерге үй сатып алып беріп жатқан қалталы азаматтар ел алғысына бөленуде.

Қазір аймақтың әр ауданында жеке кәсіпкерлер сыйлаған үйде қоныс тойын тойлаған отбасылар көп. Енді солардың қатарына Текелі қаласының тұрғыны Назгүл Күжекеева қосылды. Назгүл - «Күміс алқалы» жас ана. Бұған дейін қаланың шеткі ауданынан бір ескі үйді жалға алып тұрып келген екен. Жақында көпбалалы отбасының жағдайымен танысқан Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев баспана мәселесін шешуге қол ұшын беретінін айтқан. Қала басшысы өз кезегінде іскер азаматтарға құлаққағыс жасапты. Алғашқы болып Текелідегі «АСПМК-519» серіктестігінің директоры Виктор Сычев көмек берді. Кәсіпкер Күжекеевтер отбасына қаланың ішінен 4 бөлмелі үй сыйлады.

- Текелі қаласында 415 көпбалы отбасы тұрады. Олардың ішінде 170 адам баспанаға зәру. Біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен  көпбалалы аналардың мәселесін шешуге үнемі қолдау жасап келеміз. Бүгін «Күміс алқалы» ана назгүл Күжеекеваның баспаналы болу қуаныш бөлістік. Іскер азаматтарға рахмет. Қиындық туғанда қалталы азаматтар қамқор болуға әзір. Бұл - адамдық борышымыз, - дейді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев.