• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Президент 18 Сәуір, 2019

Н.Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

1056 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді. Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздің Қарулы Күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта-2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.