• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Әлеуметтік көмекке бөлінген қаржы қомақты

870 рет
көрсетілді

Өскеменде Nur Otan партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті. Партия өкілдері елордада өтетін кезектен тыс съезге қатысатын делегаттарды сайлады.

Жиында Nur Otan қолға алған «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Халыққа көмек», «Ауыл – ел бесігі» ат­ты жо­ба­лардың өңірде қалай жүзеге асырылып жатқаны сөз болды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов «Халыққа көмек» жобасы бойынша 3000 адам партияға жүгініп, 314 адамның мәселесі шешімін тапқанын айтты. «Бақытты отбасы» жобасы арқылы 38 мың тұрғынға атау­лы әлеуметтік көмек көрсету үшін 1,4 млрд теңге бөлініпті. «Құтты мекен» жобасы аясында облыстық және аудандық маңыздағы жолдарды жөндеу үшін қосымша 1,5-2 млрд теңге қарастырылыпты. «Халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін 60 жоба қолға алынбақ. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында 82 мың гектар суармалы жерді игеру көзделіп отыр. 2022 жылға дейін сырттан 36 мың бас ірі қара сатып әкеліне­ді. Осылайша ауылдарымыз көркейе түсетін болады», деді Ә.Мұхтарханов.

Жиында сөз алған семейлік көп балалы ана Шолпан Чеге­лекова облысымызда аналар мен аз қамтылған отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатқанына тоқталды. «Көп балалы отбасылар мен арнайы күтімді қажет ететін балалар тегін балабақшамен, тегін мектеп формаларымен қамтамасыз етіліп жатыр. Тұңғыш Прези­денті­міз Нұрсұлтан Назар­баев­тың арқасында мектеп түлек­тері колледждерде ақысыз негізде алғашқы техникалық білім алу мүмкіндігіне ие болғанын ерекше атап өткім келеді. Мұндай іспен санаулы мемлекеттер ғана мақтана алады. Мен Семей қаласындағы медициналық университетте мемлекеттік грант арқылы білім алып, МВА ғылы­ми дәрежесіне ие болдым. Қазір­гі таңда Phd докторлық жұмы­сымды дайындап жатырмын. Өз балаларыма тәрбие бере отырып, кәсіби бағытта толық даму мүмкіндігім бар», дейді ол.

Конференция барысында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін съезге Шығыс Қазақстан атынан баратын 49 делегаттың есімдері де белгілі болды.

 

ӨСКЕМЕН