Сенбі, 25 тамыз 2012 6:06
Еліміз өзін дербес мемлекет ретінде әлемге жариялағанда тәуелсіздігінің тірегі Ата Заңын алдымен өмірге әкелді. Бұл уақыт талабы еді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ықылым заманнан бері өркениетке ұмтылған қандай да бір мемлекет болмасын әуелгі кезекте конституциясын жасап, соған сәйкес өзге заңнамаларын шығарып, мемлекетін басқарып отырған. Мысалға қазақ хандығын алсақ, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Әз-Тәуке ханның жеті жарғысы» деген сөздер халық арасында бекер айтылмаған. Өмірдің өзінен алып, адамдар қажеттілігі үшін жасалып, қолданысқа енгізілетін заңнамалар ұтқыр ойлар мен өміршең идеялардан тұратыны мәлім.
Сенбі, 25 тамыз 2012 6:06
Еліміз өзін дербес мемлекет ретінде әлемге жариялағанда тәуелсіздігінің тірегі Ата Заңын алдымен өмірге әкелді. Бұл уақыт талабы еді. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ықылым заманнан бері өркениетке ұмтылған қандай да бір мемлекет болмасын әуелгі кезекте конституциясын жасап, соған сәйкес өзге заңнамаларын шығарып, мемлекетін басқарып отырған. Мысалға қазақ хандығын алсақ, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Әз-Тәуке ханның жеті жарғысы» деген сөздер халық арасында бекер айтылмаған. Өмірдің өзінен алып, адамдар қажеттілігі үшін жасалып, қолданысқа енгізілетін заңнамалар ұтқыр ойлар мен өміршең идеялардан тұратыны мәлім.
Тағы бір ерекше айтар жәйт, Конституцияның 75-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп анық жазылған. Бұл дала демократтары атанған әйгілі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би секілді данагөйлеріміз бастаған жолмен алға басуымызға негіз салады десек, артық айтқандық емес.1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған-ды. Одан әрі Ата Заңымызға 1998 жылғы 7 қазанында 2007 жылдың 21 мамырындағы заңнамаға сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл, әрине, уақыт талабына сай мемлекет мүддесі, ел игілігі үшін атқарылған шара болып табылады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Конституцияның 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп анық жазылғанын айтамыз. Сондықтан конституциялық құрылыстың негізін қалаған Ата Заңымыз Қазақстанның конституциялық дамуының жаңа кезеңдеріне жол ашты деп ашық айтуға болады.Ата Заңымыздың тағы бір артықшылығы республикамызда тұратын адамдардың еркіне сәйкес әрі оларды ұлтына бөлмей жасалғандығы болып отыр. Осы ойымызды ұштай түссек, ортақ тағдыр біріктіріп, жүздеген жылдар бойы бірге өмір сүріп келе жатқан халықтардың құқығын тең қорғап, ортақ мүдде – Қазақстанның дамуына жұмылдыру екендігі көрініп тұр. Оған негіз тағдырдың жазуымен қазақ жеріне көшіп келген ұлттарға түсіністікпен қарап, жер беріп, өмір сүрулеріне мүмкіндік тудырған ата-бабаларымыздың кеңдігі, мейірбандығы, кемеңгерлігі, қонақжайлығы, бауырмалдығы болып саналады. Шыны керек, сол ұлттар кезінде қиын жағдайларға байланысты түрлі жолдармен біздің жерімізге қоныс аударды. Соған түсіністікпен қарағанның нәтижесінде қазақстандықтар ортақ мүдде бірлік пен татулыққа қол жеткізіп, тәуелсіздігімізді қорғауға жұмыла кірістік.Сөйтіп, қазақ жерінде тұратын ұлттар мен ұлыстар ел тәуелсіздігін, егемендігін бірауыздан қолдап, мойындап Қазақстанның көк байрағының астына бірігіп жаңа мемлекетті дамытуда. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік және рухани тұрғыдан өсуіне күш, қуат, серпіліс берген конституциямыздың идеялары, қағидаттары, нормалары саяси-құқықтық жағынан жақсы сарапталғанын уақыт көрсетіп отыр. Қарапайым тілмен айтсақ, Ата Заңымыздың арқасында Қазақстан халқының материалдық жағдайы жақсарып, әл-ауқаты артты. Елімізде қоғамның дамуына қажетті қағидаттар ескеріле отырып кәсіпкерлік еркіндігі, мемлекеттік және жекеменшік теңдігі тең тұрғыда дамытылуда. Біле-білсек, бұл ел экономикасының дамуына өзіндік ықпалын тигізеді. Негізгі Заңымыз халықты әлеуметтік тұрғыдан жоғары деңгейде қорғап, өмір сүру жағдайын жеңілдетіп отыр. Медициналық қызмет көрсету, білім беру салалары жақсаруда. Тұрғын үй құрылысы екпін алып, жалақы және әлеуметтік төлемдер мөлшері көбейтілуде. Отандық кәсіпкерлердің міндетті төлемдері де азайтылуда.Конституция азаматтардың – мемлекеттік деңгейде әлеуметтік құқықтарына кепілдік беріп, оны қорғайды. Соның нәтижесінде азаматтардың құқықтары сақталып қана қоймай материалдық тұрғыдан да қамтамасыз етілуде. Ата Заңымызда айқын белгіленген тағы бір мәселе жұмыссыздық, мүгедектік, қарттық және жалғызілікті жағдайында азаматтың денсаулығын, сондай-ақ оның отбасының игілігін қолдау үшін әлеуметтік саясатты да жүргізу қаралады. Бұл орайда Конституциялық Кеңестің рөлі ерекше. Өйткені, ол конституцияның жоғары тұрғандығын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады. Мемлекет адамдардың заман ағымына лайықты бақуатты өмір сүруіне қажеттіліктің бәрін жасауға міндетті десек біздің мемлекетіміз үшін адамға деген қамқорлықтан, оны материалдық тұрғыдан қорғап, әл-ауқатын арттырудан басқа артық ешнәрсе жоқ. Мұны адам өмірін және құқықтарын конституциялық тұрғыдан мойындау деп түсінген дұрыс.Құқықтық мемлекет болған соң, әлемдік тәжірибеден өмірлік мәні зор, ең бастысы халықтың игілігіне жарайтын дүниелерді алып, қолданысқа енгізуді алға басу қадамдары деп түсінген жөн. Бұл ретте тұтқынға алу және қамауға алуға санкцияны тек сот беретіндігін, сондай-ақ, өлім жазасын қолдану ауқымына шектеу қойылғанын қуана құптаған дұрыс. Тағы бір ашық айтып қана қоймай ел болашағы үшін жасалған игілікті қадамдардың бірі деп бағалауға тұратын қадам қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруына салынған тыйымның алынуы болып саналады.Қорыта айтқанда, Ата Заңымызды ардақтау арқылы құқықтық мәдениетімізді дамыта түсеміз. Заңнамаға сәйкес, әділ билік жүргізетін сот жүйесі болған соң заңдарды бірінші кезекте өзіміз іс жүзіне асыруымыз керек. Сондықтан Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген даналығын берік ұстанамыз. Соның нәтижесінде алға басу қадамдары айқын байқалуда. Бұрындары істер құқық қорғау органдарынан ресми тілде келетін. Енді біздің талабымызға сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің басым бөлігі мемлекеттік тілде түсіп, қазақ тілінде қаралып, заң шеңберінде үкімдер, шешімдер шығарылуда. Бұл қадамға, бәрінен бұрын, елімізге қоныс аударған оралман ағайындар қуануда. Себебі облыстық ішкі істер департаменті жол полициясының қайсыбір қызметкерлері жол жүру ережесін бұзған оралманға кінәсін қазақ тілінде айтып түсіндіргенімен хаттаманы ресми тілде толтырып, сотқа жібереді екен. Сот отырысы барысында судья тарапынан барлық шындық ашылған кезде дау туындайды. Оралман «жол полициясы инспекторы маған ауызекі тілде былай айтып еді, хаттаманы басқаша толтырыпты» дейді. Заңға сәйкес жүргізуші түсінсін, түсінбесін хаттамаға қолын қойған соң судья шешім шығарарда сол негізге алынады. Сондықтан заңның аты заң. Заңға сәйкес, жіберген қателігін мойындап, қолын қойған жүргізуші жүргізушілік куәлігінен айырылады. Алдағы уақытта осындай түсініспеушіліктер қайталана бермес үшін жол полициясы қызметкерлері қандай да бір хаттаманы мемлекеттік тілде толтырып, бізге сотқа жіберсе екен деген ұсыным бар.Нұржан ҚАРАБАЕВ,Қапшағай қалалық сотының төрағасы.Алматы облысы.