Жерлестеріміз Белорусь және Оңтүстік Кореяның командаларына қарсы ойнайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
25 және 26 сәуірде Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы Белорусь және Оңтүстік Корея командаларымен жолдастық матчтар өткізетін болады.
«Бұл матчтар Әлем чемпионаты аясындағы ресми ойындар алдындағы қазақстандық команда дайындығының соңғы кезеңі болмақ», – делінген Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының сайтында жарияланған ақпаратта.
Кездесулер «Барыс Аренада» өтеді.