«Жарыс түрлі қашықтықтар бойынша өтіп, көпшілік назарына «Экиден»» эстафетасын ұсынамыз. Бұл сайыста алты адам алма-кезек жүгіреді. Барлық қонақтарды жәрмеңкеге шақырамыз. Сол шараға тіркелгендер спорт пен туризм салаларында жұмыс істейтін көптеген компаниялар мен брэндтерді көріп,солардың жаңа өнімдермен таныса алады» , - дейді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.
«Алматы марафоны» спорттық жәрмеңкесі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында19-20 сәуір күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстанның барлық өңірінен келген 30 спорттық экспонентер көпшілік назарына ұсынылады.
«Жәрмеңкеге түрлі ұйымдар, федерациялар, фитнесс-клубтар және спорттық құрал-жабдықтар, тамақ, киім-кешек өндірушілер қатысады. Қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, лоторея ойнатылады. Еуропадағы марафондарда 35-40 мың адамның жиналатыны белгілі. Ал «Алматы марафоны» биыл 17 мың желаяқтың басын қосқалы жатыр. Солардың 1,5 мыңы түрлі компанияларда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар», - дейді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Багаудин Беков.
Алматы полициясы департаменті, қалалық спорт басқармасы және «Смелость быть первым» корпоративтік қоры марафон аяқталғанға дейін шаһардағы кейбір көшелердің жабылатынын ескертеді.