• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Түркістан: Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады

1211 рет
көрсетілді

«Тұран» шаруа қожалығы тәулігіне 40 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. 15-16 тонна сиыр сүтін қабылдап, одан сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылдық округінде ауылшаруашылық жұмыстары қарқынды.  Атап айтқанда мұнда «Тұран» шаруа қожалығының атқарған жұмыстары ауқымды. Аталмыш  шаруақожалық 1994 жылы құрылған. Бүгінде шаруа қожалықта жіп өңдеу және мақта май цехы мен сүт өңдейтін цех жұмыс істейді. Қожалыққа қарасты сүт зауытында сүт өнімдерінің барлық түрі шығарылады.  Кәсіпорын тәулігіне 40 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. 15-16 тонна сиыр сүтін қабылдап, одан сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады.

Сонымен қатар, тамшылатып суаруға пайдаланатын құбыр цехы жұмыс істейді. Сондай-ақ, шаруақожалық жыл сайын 30 миллионға дейін табыс көзін табуда. Жоғары деңгейдегі  элиталық шитті тұқымын жылына 430 тоннаға дейін жеткізіп отыр. Қожалық иесі  2018 жылы 413 гектар жерге шитті мақта өнімдерін егіп жоғары өнім алғанын айтуда.

«Алдағы уақытта Германия мемлекетінде орналасқан «Textima Export Import GmbH»  фирмасынан жалпы құны 3 миллион АҚШ доллар тұратын жіп игеру жабдықтарын әкеліп орнатуды  жоспарлап отырмын.  Шаруа қожалықта арнайы техникалар тұратын орын бар.  Бүгінгі таңда 23 трактор, оның 4 МТЗ – 1221 және 3 John Deere мақта жинау комбайны бар.  Құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір оған қажетті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қондырғылармен жабдықталу үстінде.  Таяу күндері іске қосылатын болады» , – деді «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла  Азимов.

«Тұран» шаруақожалығы 50-60 жас аралығындағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Биыл қожалыққа 170 бас асылтұқымды семментал тұқымды ірі қарасын өсіруді қолға алған.  Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін және сүт өнімдерін арттыру мақсатында ІҚМ-ды кәсіпкер ауыл тұрғындарына несие жолымен көмек беріліп жатыр. Ал,  тұрғындар болса, малдың құнын кәсіпкерге 3 жылдың ішінде сүт арқылы өтеп беретін болады.