• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Сәуір, 2019

Бангкокта бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды

832 рет
көрсетілді

Бангкокта (Таиланд) өтетін бокстан Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы барлық 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайтын болады. Olympic.kz назарларыңызға біздің спортшыларымыздың алғашқы қарсыластарының есімдерін ұсынады.

Жекпе-жек ертең, 19 сәуір күні басталады.

49 келі салмақ дәрежесі бойынша шығатын Теміртас Жүсіпов турнирді 1/8 финалдан бастайды.  Оның қарсыласы - Самак Саехан (Таиланд). 

52 келі салмақ дәрежесіндегі Анвар Мұзаппаров алғашқы жекпе-жегін 1/16 финалдық кезең аясында өткізеді. Оған қарсылас ретінде шаршы алаңға Енкмандах Хардурджу (Монголия) шығады. 

Қайрат Ералиев (56 келіге дейін) 1/16 финалдық кезеңде кореялық Ю Чан Лимен, ал Закир Сафиуллин (60 келіге дейін) 1/8 кезеңде Вей (Вьетнам)/Альдраби Шехаб (ОАЭ) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Команданы 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таныстыратын Санатәлі Төлтаев 1/8-де Индонезиядан келген Либертус Гамен жұдырықтасады. Осы раундтан бастап Асланбек Шымбергенов те (69 келіге дейін) қолғап түйістіреді. 1/4 финалдық кезеңге жолдама үшін ол  Хьюн-Чул Лим (Корея)/Арди (Таиланд) жұбының мықтысымен шаршы алаңға шығады.

1/16 финалда 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Тұрсынбай Құлахмет Чон Ли Хонмен (Солтүстік Корея) бокстасады. Ал Бек Нұрмағанбетке (81 келіге дейін) 1/8 финал бойынша Кувейттен келген Альмутахир есімді қарсылас тап болған.

Василий Левит (91 келіге дейін) ширек финалға шығу үшін ирандық Амиримен жұдырықтасады. Команда капитаны Қамшыбек Құнқабаев (91 келіден жоғары) Ашис Давадимен рингте кездеседі (Непал).