• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Тараздағы тұрғын үйлерге партиялық бақылау жүргізілді

896 рет
көрсетілді

«Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов пен Партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрзаев Тараз қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізді.

Сапар барысында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құтты мекен» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

  Жамбыл облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров №15 мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысы 2018 жылы қараша айында басталғанын, бас мердігер –  «Агромамандандырылған құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екенін айтып өтті. Сонымен қатар, 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үй ағымдағы жылы шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланғанын да жеткізді.

  «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Абай Нұржанов, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбек Жанбосынов өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 1 миллиард 406 миллион 511 мың теңге, облыстық бюджеттен 164 миллион 245 мың  теңге қаражат бөлініп, «Арай» тұрғын алқабында және «Бәйтерек» мөлтек ауданында жалпы тұрғын үй алаңы 14 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй, яғни 240 пәтер пайдалануға берілгенін атап өтті. Несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына 4 миллиард теңгеден аса қаражат бөлініп, №15 мөлтекауданда 80 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталып, 9 үй пайдалануға тапсырылған. Жалпы өткен жылы 12 көпқабатты тұрғын үй, яғни 960 пәтер пайдалануға берілген. Ал, №15 мөлтекаудандағы 80 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылысы былтырғы жылы қараша айында басталып, биылғы тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл құрылысқа жалпы құны 5 миллиард тенгеден аса қаржы қарастырылған болатын.

Жамбыл облысы