• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2019

Биыл Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар 873 шақырым автожол жөнделеді

1036 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ұлан Әліпов Аякөз қаласында (ШҚО) «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катон Қарағай – Рахман қайнарлары», «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолдарының 287-1073 шақырымындағы Осинов асуы мен «Қалбатау-Майқапшағай» автожол учаскелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші қаралған нысан «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катон Қарағай – Рахман қайнарлары» автожолдарындағы Осинов асуы болды. Мұндағы жол-құрылыс маусымына дайындық жұмыстары биыл сәуір айында басталды. Қазір жол белгілері мен қоршауларды бұзу, бұталарды кесу және жинау, айналма жолды, асфальтбетонды жабынды фрезерлеу, су өткізу құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан кейін Қазавтожол басшысы «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді. Жобаны қайта жаңғырту аясында 615 шақырымнен 1073 шақырымға дейінгі құрылыс жұмыстары Шығыс Қазақстан облысына (ұзақтығы 458 км) тиесілі. Мердігер компаниялар «К-Дорстрой» АҚ мен «TodiniCentralAsia» ЖШС. Жобада екі жолақты және II санаттағы автомобиль жолының құрылысы қарастырылған.

Биыл Шығыс Қазақстан облысында Таскескен ауылынан Жарма ауылына дейін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс маусымы аяқталғаннан кейін Жолшылар 140-тан астам су өткізу құбырын, 160 шақырым айналма жолды, жол өтпелерін, жол жиектерін нығайтуды жоспарлап отыр. Жұмысқа 800-ге жуық жұмысшы мен 500-ден астам техника жұмылдырылған.

Қаралған екінші нысан 906-1321 шақырым аралығын қамтитын «Қалбатау-Майқапшағай» жолын қайта жаңғырту учаскесі болды. Бұл учаскенің мердігерлері СиньСин/ КазГерСтрой, консорциум көшбасшысы – СиньСин құрылыс Консорциумы. Учаскенің жалпы ұзақтығы 415 шақырым. Биыл Қалбатау қаласының айналма жолын қосқанда ұзақтығы 37 шақырым болатын жаңа жол қозғалысын ашу жоспарлануда.

Жаңа жол жүру уақытын екі есе қысқартуға және өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын азайтуға сеп болады.

Жалпы, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль қатынасы бойынша 2019 жылы 268 шақырым жол қозғалысы ашылады. Мұндағы барлық жұмыс көлемі 2022 жылы толық аяқталады, деп жоспарланып отыр.