«Әрбір адам алғашқы медициналық көмек көрсете білуі қажет. Жарақатқа таңғышты дұрыс байлау немесе сынған жерге шендеуіш тарта білуі, қолдан демалдырып, жүрекке жанама массаж жасай алуы керек. Бір күні мұндай көмек ата-аналарыңызға, жолдасыңыз немесе жұбайыңызға, ұл-қыздарыңызға, туыс-жақындарыңызға және достарыңызға жедел жәрдем келгенше қажет болуы мүмкін. Сондықтан, шеберлік сынып барысында СОО келушілері алатын машықтар бір күні біреудің өмірін құтқарып қалуы әбден мүмкін», дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Зарина Керуенова.
Шеберлік сынып барысында «Астана» ОКО тәжірибелі дәрігер-нұсқаушылары СОО келушілеріне ересектер мен балаларға бірінші шұғыл көмек көрсетуді үйретті. Кенеттен жүрек қызметі тоқтап қалған кезде дереу әрекет ету алгоритмін, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерде, механикалық асфиксия кезінде, түрлі жарақаттар алған (сыну, соғып алу, буынның шығып кетуі, күйік алу, қан кету) кезде бірінші көмек көрсету және т.б.
Шарапатты шараның ең белсенді қатысушылары ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен марапатталды, ал ерекше көзге түскендер «Астана» ОКО-да тегін оқуға сертификат алды, ол жерде халықаралық сертификаттары бар тәжірибелі дәрігер-нұсқаушылар 10 жылдан бері медициналық және медициналық емес қызметкерлерге алғы симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, дәрігерге дейінгі көмек көрсету машықтарын үйретеді.