Биыл Алматы қаласында 600-ден астам аула жаңартылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Бүгін Наурызбай ауданындағы қосымша аулаларды күрделі жөндеуге қаржы бөлінді. Қаланың бес ауданында арық желілері мен нөсер кәріздерінің құрылысы жалғасатын болады», деп жазды Б.Байбек.