• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2012

Ел болдық еңселі

306 рет
көрсетілді

Ел болдық еңселі

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:32

Биыл егемен еліміздің Ата Заңына 17 жыл толады. Бұл жыл­дар аралығында еліміздің туы көкке көтеріліп, мемле­кетіміздің мәртебесі сан рет асқақтап, Елба­сымыздың ерен ерлігі мен ел ертеңі үшін ат­қарған жұмыс­тары айқын да анық көрінді. Елде ер­кін даму үдерісі жолға қо­йылып, азамат­тардың құқық­тары ти­істі дең­гейде қорғалуда. Мұ­ның өзі мем­лекетіміздің қам­қорлығы мен іргелі істердің бастау көзі екені сөзсіз. Кез келген ел секілді біз­дің де құқық­тары­мыз бен жауап­кершіліктеріміз тең дәрежеде даму үстінде. Заң­ғар жазушымыз Әбіш Кекіл­бай­дың «бо­дан­дық көбейсе өкініш кө­бейер, бос­тан­дық көбейсе жа­уап­кершілік кө­бейер» деген даналы сөзі әрбір мен қа­зақпын деген ұлт бала­сының жүрегінде мәңгі сақтала­тыны сөзсіз. Сон­дықтан ауылдастарым мен отандастарыма Ата Заңымыздың қадірін түсіне біліп, еселі еңбек­терін бағалай білсек деген тілегім бар. Ел ертеңі жас­тарға айтарым Ата Заңымыздың қана­ты халық дегім келеді.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,

«Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау

 аудандық өкілдігінің атқарушы хатшысы.

Маңғыстау облысы.