• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2019

Қ.Ақсақалов: Иесіз қалған өндіріс ошақтары қалпына келтіріледі

990 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Петропавлдың өнеркәсіп аймағындағы бос тұрған ғимараттарды аралау барысында осылай мәлімдеді.

Өз жұмысын тоқтатқан нысандар сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылып, іскер кәсіпкерлерге беріле бастады. «Радуга» көпбейінді кәсіпорын  саналады. Соңғы жылдары  ішінде бес нысанға  күрделі жөндеу жүргізіп, өндіріс ошақтарын салды.  Тағам, гигиена,пластикалық бұйымдар шығарумен айналысады. Енді тағы бір иесіз қалған ғимаратты іске жаратып, заманауи көтерме-сауда орталығын тұрғызып, күзге салым іске қоспақ. Оның жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды.

Серіктестік тұрмыстық химия шығаратын фабрика салуды да жоспарлап отыр. Қазір цехта  айына 100 тонна сұйық сабын шығарылады. Қажетті құтылар да осында дайындалады. Шикізат жергілікті жерлерден және Ресейден әкелінеді. Өнімнің бір бөлігі сыртқа жөнелтіледі. Жаңа желі іске қосылғаннан кейін  жылына 6 мың тонна сұйық және қатты сабын өндірілетін болады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық агрегаттарын шығару да белгіленген. Халық сұранысына ие электр құрылғыларына басымдық беріледі. Бұл цехтар кезінде Петропавл ауыр машина жасау зауытының меншігіне болған.

Бос тұрған ғимараттың бірін «PP Solutions» ЖШС-і иеленді. Бұрынғы Калинин зауыты аумағында  қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Мұнда заманауи «Дата» орталығы орналаспақ. Серверлер орнатылып, әлемдік стандарттарға сай  ақпараттық қызметтер ұсынылады.  Сондай-ақ бейне, аудио, электрондық ақпараттардың кез келген түрі өңделеді.  Орталық 2020 жылы пайдалануға беріліп, 150 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі