• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2019

ІІМ қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы Петропавл қаласында алғаш рет өтті

1028 рет
көрсетілді

Алдымен қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов бастаған қонақтар солтүстікқазақстандық полицейлердің жұмыс барысында пайдаланатын құрал-жабдықтармен танысты. Сосын жедел басқару орталығына, мұрағатқа, музейге, фронтт-офиске экскурсиялар ұйымдастырылды.

Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысына облыс  әкімінің орынбасары Антон Федяев,мемлекеттік орган, БАҚ  өкілдері, блогерлер қатысты. Полиция департаменті және «Алтын бесік» мектепке дейінгі мекемесінің бірлескен жобасы аясында бөбектер қонақтарға өздерінің IT-идеяларын ұсынып, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша құрастырылған электронды құрылғылары мен  аспаптарын көрсетті.   

Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов өз сөзінде жұртшылықпен ашық байланысқа, еркін ой-пікірлерге ерекше көңіл бөлінетінін, ашықтық пен сервиздік моделдеуді діттейтін кешенді іс-шараларды жалғастыру қоғамдық кеңестің  басты міндеті екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда полиция жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі фронт-офистер қызметінің тиімділігін арттыру. Полицияға жүгінген адам кез-келген мәселе бойынша білікті көмек алуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда  петропавлдық полицейлердің фронт-офисінің  тәжірибесі қолдауға тұрарлық», - деді ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов.

Қазіргі уақытта өңірде  16 фронт-офис жұмыс істейді. Олардың 13-і аудандық полиция бөлімдерінде орналасқан.

Баспасөз-конференциясында қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен азаматтық қоғаммен ашық диалог жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қазақстан адвокаттар одағының президенті Әнуар Түгелдің айтуынша, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуі өте маңызды. Ол 2 жыл бұрын Берік  Сұлтанғазыұлының бастамасымен солтүстікқазақстандық полицейлер үшін жатақхана  тұрғызылғанын оң бағалады. Ведомстволық тұрғын үйде 50 полицей отбасы тұрады. Тұрғындармен ұйымдастырылған екі жүзге жуық жеке кездесулердің де тағылымы зор. Осындай ашық диалогтар түйткілді проблемаларды жедел шешуге көмектеседі, деді ол.

Облыста 1204 бейнекамера жұмыс істейді. Олардың көмегімен биыл 272 қылмыс ашылып, 3700-ден аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Электрондық форматта 367 қылмыстық іс аяқталып, 2 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Ішкі істер органдарын жаңғырту шеңберінде жеке құрам 10 процентке қысқартылды.