• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2019

М.Әшімбаев Жамбыл облысындағы апатқа байланысты пікір білдірді

1069 рет
көрсетілді

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Жамбыл облысындағы ірі жол апаты туралы суыт хабар менің де көңілімді құлазытып жіберді. Осыған байланысты өзімнің және «Nur Otan» партиясының атынан апат салдарынан қаза болғандардың отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігімді білдіремін.

Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, облыстық әкімдік тарапынан шұғыл түрде тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстарға «Nur Otan» партиясы да белсене араласып, қажетті шараларды қолға алды.