• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Сәуір, 2019

Қазақстанда ата-аналарға арналған YouTube-канал ашылды

1230 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға арналған Parents KZ атты YouTube-каналына білім және балалардың құқықтарын қорғау туралы материалдар жариялады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті ата-аналар! YouTube-каналында білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау туралы бейнематериалдар жарияланған. «Ойнату тізіміне» басу арқылы сіз мазмұнымен танысып, қызықтырған кез келген бейнеролик, сюжеттерді көре аласыз. 24 сағат бойы барлық контент тікелей эфирде жүргізіледі. Бұл каналды барша таныстарыңызбен бөліссеңіздер болады. Бейнероликтеріміз сіздерге пайдалы әрі қызықты болады деп үміттенеміз» деп мәлім етті қазақстандық ата-аналар қауымдастығы мен Білім және ғылым министрлігі.

Соңғы жаңалықтар