• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 20 Сәуір, 2019

Президент Қордайда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

1153 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі аккаунтында хабарлады.
«Қордай тас жолында ірі жол апаты болды, Өзбекстан азаматтары, 11 адам қаза тапты, жарақат алғандар көп. Туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан Республикасының Президентіне жеделхат жолдадым. Біздің жолдарымыздағы жағдай нашар, бұл туралы мен ІІМ кеңесінде айттым. Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым!», — делінген хабарлама мәтінінде.  

Еске салайық, 20 сәуір күні сағат шамамен 05:00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 181 шақырымында Toyota Camry маркалы көлік сол бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Соңынан келе жатқан жолаушылар автобусы аталған автокөліктермен соқтығысып қалмау үшін жолдан ауып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 11 адам қаза тауып, 30 адам зардап шекті.