• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 20 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

1120 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан көз жұмған Өзбекстан азаматтарының ауыр қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қайта қауышуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.