• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2012

Мәні зор шара

272 рет
көрсетілді

Мәні зор шара

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:36

Қаржы полициясы бұл сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы тұру бойынша елдің негізгі құқық қорғау органы болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қаржы полициясы басты назарын сыбайлас жемқорлық, бюджет қаражаттарын жымқырумен күрес және көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға аударып отыр. Олармен күрес жоғары деңгейдегі мамандардың жұмысын қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта аталған қылмыстармен күресу үшін жаңа формациядағы кадрларды дайындау өзекті болып табылады. Тек жан-жақты жетілген маман ғана өмір алға қойған кәсіби міндеттерді нақты біліммен шеше алады.

 

Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:36

Қаржы полициясы бұл сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмыстарға қарсы тұру бойынша елдің негізгі құқық қорғау органы болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қаржы полициясы басты назарын сыбайлас жемқорлық, бюджет қаражаттарын жымқырумен күрес және көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға аударып отыр. Олармен күрес жоғары деңгейдегі мамандардың жұмысын қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта аталған қылмыстармен күресу үшін жаңа формациядағы кадрларды дайындау өзекті болып табылады. Тек жан-жақты жетілген маман ғана өмір алға қойған кәсіби міндеттерді нақты біліммен шеше алады.

Ағымдағы жылы Президент Жарлы­ғы­на сәйкес еліміздің та­­рихында алғаш рет көп дең­гейлі бақылау жүйесін қарас­ты­ра­тын, құқық қорғау органдары қызметкер­лерін кезектен тыс аттестаттау іс-шарасы жүр­гізіліп жатыр.Кезектен тыс аттестаттау – құқық қор­ғау органдарының кадрлық құрамын сапалы жа­ңартудың нақты мүмкіндігі. Қо­ғам мемлекеттік қызметші, әсіресе, құқық қор­ғау жүйесі­нің қызметкері міндетін адал ат­қа­руға бар білімі мен күш-жі­ге­рін жұм­сайтындығына, еліне адал әрі әділ қызмет ететін­ді­гіне сенеді.Жүргізіліп жатқан іс-ша­ра­лардың мәні – құқық қорғау органдары қызметінің нәтиже­лі­лігін жоғарылату, сонымен ­қа­тар біліксіз мамандардан ары­лу, кәсіби кадрлық құрамды қалыптастыру, халық тарапынан сенімді нығайту.Ал аттестаттаудың мақсаты – құқық қорғау жүйесі қыз­мет­керлерінің кәсіби дең­гейі мен олардың заман талаптарына сәйкестігін анықтау. Бұл ба­ғыт­та адам­гершілік қадір-қасиеті төмен және жалпы мемлекет беделіне кір келтіретін жем­қор­лық қылықтары бар біліксіз қызметкер­лер­ден органдарды тазартудың да маңызы зор.Құқық қорғау органдары елі­­міздің құқық тәртібін және азаматтарымыздың қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ете отырып, ел өмірінде аса маңызды орынға ие болуда. Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасымен құқық қор­ғау қызметкерлерінің жұ­мыс көрсеткішін, тиімділігін арттыру үшін қыруар іс атқа­рылды. Құқықтық база жаңар­тылды, құрылым оңтайланды­рылды, тергеу реті айқында­лып, міндеттер анықталып, сараланды, сөйтіп іс жүзінде құқықтық саясат ізгілендірілді. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін қомақты қа­ражат бөлінді. Мұның бәрі қо­ғамның талабына сәйкес келе­тін құқық қорғау жүйесінің жа­ңа кейпін қалыптастыруға негіз құруға мүмкіндік берді. Дегенмен де бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының қызметі әлі де сапалы жаңғыртуды талап етеді.Елбасының ұсынысымен бас­талған кең көлемді іс-ша­ра­ның өзіндік ерекшеліктері бар. Президент жанынан Жоғары аттестаттау комиссиясы, орта­лық және аумақтық аттестаттау комиссиялары құрылды. Олар­дың құрамына тек құқық қор­ғау органдарының басшылары ғана емес, сонымен қатар бұқа­ралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де енді.Мысалға, шынайылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін Астана қаласы аумақтық аттес­таттау комиссиясының жұ­­мы­сына азаматтық қоғам­ның өкіл­дері, журналистер, қаржы по­ли­циясының ардагерлері қатысты.Азаматтық қоғам өкілдері­нің қатысуы мен аттестаттау барысының тұрақты ақпарат­тық сүйемелденуі ашықтық, айқындық, шынайылық пен әділдік қағидаларын сақтауға мүмкіндік берді. Мұндай тәсіл «сенгенмен тексер» қағидасын ұстанатын дамыған елдерде жақсы нәтижелерге жеткізген. Бұл елдерде тәуелсіз институттар, соның ішінде Парла­мент­тік комитеттер, бұқаралық ақпа­рат құралдары тарапынан бақылау жүзеге асырылады.Негізгі бағалау критерийі – қызметкерлердің өзіне жүктел­ген міндеттерді жүзеге асыруы. Жұмыстарының нәтижелері, теориялық білімдері мен тәжі­рибелік дағдыларының деңгей­лері бағаланады. Сонымен қа­тар, қаржы полициясы қызмет­керлері логикалық ойлау мен психологиялық тұрақтылық тестілерін тапсырды.Кезектен тыс аттестаттау – жоғары деңгейдегі мамандармен толығып, кадрлық құрам­ды жаңар­туға мүмкіндік бере­тін жалпы қоғамдық мәні бар іс-шара. Және Мемлекет басшысы алға қой­ған «көлеңкелі» экономиканы жойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, ел­дің экономи­калық қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ету міндеті тек қар­жы полициясы қызметкер­ле­рінің қолынан ғана келеді.

Ерболат БАЛҒАБАЕВ,Астана қаласы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.